Шымкентте «арзан көлік әперетін» алаяқ ұсталды

266

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда, өзінің «Е» есімді танысы «Оңтүстік Корея» елінен арзан бағада автокөлік алып беремін деп, алаяқтық жолмен сеніміне кіріп 1.500.000 теңге ақшасын қолма-қол алып, осы күнге дейін алған 1.500.000 теңге қаржысын кері қайтармай қашып жүргенін көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады.

Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі