Úı Jańalyqtar Шымкентте неке саны көбейіп, ажырасу азайған

Шымкентте неке саны көбейіп, ажырасу азайған

Шымкентте өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, биыл некелесу саны 49,3 пайызға көбейген. Ал бір қуантарлығы ажырасу жағдайы 53,5 пайызға азайған.

Сондай-ақ, биыл некелесу коэффиценті 1000 адамға шаққанда 7,44-ке көбейсе, ал ажырасу 0,68-ге дейін төмендеген.

2021 жылдың қаңтар-сәуір айы аралығында Шымкент қаласында 246 ажырасу жағдайы тіркеліп, 2688 неке қию жағдайы тіркелген.

 Камила Есенғали