Түркістан облысының алдағы үш жылға арналған бюджетіне өзгерістер енгізілді. Сонымен бірге облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, өндірістік парктерді дамыту, ауыл шаруашылығы мен туризм салаларын қолдау мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ биылғы алты айдың қорытындысы бойынша өңірдің қысқа мерзімді экономикалық өсімі 126 пайыздан асқаны айтылды.
Түркістан облысының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма төртінші сессиясында мәлім болды. Сессияға мәслихат денутаттарымен бірге облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, басқарма басшылары қатысты.
Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. Ал бюджетке өзгерістер енгізу туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жаппар Күмісбек баяндама жасады. Аталған мәселе бойынша облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Мағауия Тұрысбеков комиссия қорытындысымен таныстырып, депутаттар тиісті шешім қабылдады.
Айта кетейік, облыс әкімдігі мен мәслихаттың бірлескен жұмысының арқасында биылғы 6 айда қысқа мерзімді экономикалық өсім 126,3 пайызға жеткен. Өңірде инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, өндірістік парктерді жандандыру, терең өңдеуді дамыту, ауыл шаруашылығы, туризм бағытындағы жобаларға басымдық берілген.
Дилара Иса






