Úı ANONS Кентауда «Шахмат үйі» ашылмақ

Кентауда «Шахмат үйі» ашылмақ

фото ТОӨКҚ
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қалада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап, құрылыс барысымен танысты. Алдымен қалада алғаш рет ашылатын «Шахмат үйінің» дайындық жұмыстарын көрді. Қалалық спорт клубына қарасты жұмыс істейтін нысанның жай-күйімен спорт клубтың директоры Бақдаулет Совет баяндады.
Соңғы жылдары қала жастары арасында шахмат спортына қызығушылық артып келеді. Осыған байланысты қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, жас шахматшылар үшін қолайлы жағдай жасалып, арнайы «Шахмат үйі» жаңа оқу жылының басында пайдалануға беріледі. Онда балалар мен жасөспірімдер тұрақты түрде үйірмелерге қатысып, зияткерлік спорт түрімен кәсіби деңгейде шұғылдануға мүмкіндік алады.
Одан кейін қала әкімі Хантағы ауылында салынып жатқан учаскелік полиция пунктінің құрылыс барысын бақылады. Жауапты мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде және сапалы аяқтауды, сондай-ақ барлық құрылыс талаптарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.