Шымкенттің бас дәрігері қала тұрғындарына үндеу жасады

88

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов бүгін қала тұрғындарына үндеу жасады.

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Қазақстанға коронавирустың Үнді штаммы келді
Көрші Ресей елінде эпидемиялогиялық жағдай күннен-күнге өршуде. Шымкент қаласында да эпидемиялогиялық жағдай тұрақсыз.

Инфекцияға шалдыққан науқастар саны күн санап артуда. Қазір қауіпті инфекцияға жұқтырған 24 науқас ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Коронавирус жұқтырғандар арасында өлім жітім көрсеткіш саны артуда.

Осы орайда вакцинация инфекциялық жұқпалы аурулардан, соның ішінде COVID-тен қорғанудың ең қауіпсіз әрі тиімді жолы екенін мәлімдейміз. Сондықтан жаппай вакциналау өте маңызды. Бір жылдан аса уақыт болды осы індетпен бірге өмір сүріп келеміз. Мұны бәріміз көріп отырмыз. Қазірде қаладағы барлық емханаларда вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде».