Техникалық қызмет көрсету орталығында өрт шықты

229

19 маусымда сағ.17:09-да «101» басқару пультіне Абай ауданы, Хатын көпір шағынауданындағы Исаханов көшесі бойында орналасқан жекеменшік «Умиджан» Техникалық қызмет көрсету орталығында өрт туралы хабар келіп түскен.

Алғашқы жетіп келген өрт сөндіру бөлімдері аталған орталықтың аумағында бокстың төбе жаппасы және «Nexia» жеңіл автокөлігі жаннып жатқандығын анықтады.

Өрт сағат 18:10-да оқшауланып, сағат 18:18-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрт орнынан өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қауіпсіз жергі 1 газ және 2 оттегі баллондарын шығарды. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Оқиға орнында Шымкент қ.ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 17 қызметкері мен 5 дана техникасы жұмылдырылды.

Құрметті қала тұрғындары! Жазғы өрт қауіпті кезеңінде өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз!

QAINAR KÓZШымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы