Úı ANONS Субұрқақ үшін 390 млн. теңге бөлінген

Субұрқақ үшін 390 млн. теңге бөлінген

Шымкентте субұрқақтар маусымы биыл ерте басталды. Қала көркін кіргізетін нысандарға қазынадан 390 миллион теңге бөлінген. Қаржы қаншалықты тиімді жұмсалып жатыр? Тұрғындар не дейді?

Биыл Шымкентте субұрқақтар ерте қосылды.  Тұрғындардың сөзінше, бұл қаланың көркіне көрік қосты. Әрі тұрғындардың тынығып, демалып отыратын жеріне айналды.

«Негізі керек қой. Ауа тазарады. Демалғанға. Қасында отырып демалғанның өзі ғанибет қой. 00:18

«Фонтан болмаса ауада не болмайды. Адамдар, құстарға болсын, ауа тазаланып тұрады. Оңтүстікте міндетті түрде фонтан болуы керек қой негізінде».

«Фонтандардың болғаны дұрыс қой енді халыққа. Таза болып тұрады. Жастар отырады. Ары-бері жүреді балалар».

Шымкенттегі субұрқақтар мен ұңғымаларын ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстау жұмысына 390 млн теңгеден аса ақша бөлінді. Бұл туралы мәлімет мемлекеттік сатып алу порталында пайда болды. Порталға қарағанда, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мен «Адилхан Уест Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келісімшартқа отырған.

Ресми мәліметке қарағанда, қалада 86 субұрқақ бар. Оның 41-і қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарайды. Қаланың инфрақұрылымын дамыту және тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыру мақсатында демеушілер есебінен қосымша 18 жаңа субұрқақ салынып, пайдалануға берілген.

Бұл бастама қаланың эстетикалық келбетін жақсартуға және қоғамдық кеңістіктердің тартымдылығын арттырмақ. Айта кетейік, өткен жылы субұрқақтарды күтіп-ұстау жұмысын өзге компания атқарған.

Дилара Иса