Үнді штаммы: Нұр-Сұлтан мен Алматыда 700-ге жуық науқас анықталды

31
© Sputnik / Ilya Pitalev

Бір тәулікте Нұр-Сұлтанда 568, Алматыда 181 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, – деп хабарлайды Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1445 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Айта кетейік, бір күн бұрын 1496 науқас тіркелген болатын.

Өңірлердегі статистика:

Нұр-Сұлтан қаласы – 506,
Алматы қаласы – 181,
Шымкент қаласы – 50,
Ақмола облысы – 33,
Ақтөбе облысы – 29,
Алматы облысы – 37,
Атырау облысы – 61,
Шығыс Қазақстан облысы – 87,
Жамбыл облысы – 31,
Батыс Қазақстан облысы – 70,
Қарағанды облысы – 147,
Қостанай облысы – 34,
Қызылорда облысы – 31,
Маңғыстау облысы – 41,
Павлодар облысы – 49,
Солтүстік Қазақстан облысы – 25,
Түркістан облысы – 33.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 414 712.

Еске сала кетейік, бұған дейін сынама алынған Нұр-Сұлтандағы науқастардың жартысы коронавирустың үнді штаммын жұқтырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, «Дельта» штаммы Алматыда 11 адамнан анықталды.

Осыған байланысты елордада қосымша шектеулер енгізілді.