Шымкентте жүрек орталығының дәрігерлері 86 жастағы науқасқа тіліксіз ота жасады. Орталыққа жедел жәрдем қызметімен ауыр халде түскен әжейге жүректің миокард инфарктісі деген диагноз қойылған.
Дереу жан сақтау бөліміне жатқызылған науқас ашық ота жасатуға қарсы болған көрінеді. Сондықтан, ақ халаттылар интервенциялық, яғни тіліксіз ота тәсілін қолданыпты.
Шымкенттік Тамара Дмитриева маусымның 17-і күні, түнгі сағат 3-тер шамасында жедел жәрдем қызметімен жүрек орталығына жеткізілген. Бірден жан сақтау бөліміне жатқызылған науқасқа жүректің миокард инфарктісі деген диагноз қойылған. Алайда, 86 жастағы әжей ашық ота жасатуға қарсы болған көрінеді. Сондықтан дәрігерлер интервенциялық , яғни тіліксіз ота тәсілін қолдануды жөн санадық дейді.
Бауыржан Мусиров, Интервенциялық кардиолог, рентгенхирург: «Орталыққа түскенде жағдайы ауыр болатын. Науқасқа күрделі ота жасауға тура келді».
Ақ халаттылар алғашында дәрімен емдемек болғандарын жасырмады. Себебі, кейбір науқастың тамырлары тіліксіз отаға шыдамайды екен. Алайда ұстама жиі қайталанған соң ота жасауға шешім қабылдаған. Қазіргі таңда науқастың жағдайы бірқалыпты. Енді жыл бойына диета ұстап, күтінуі қажет дейді дәрігерлер. Ал қарт тұрғын өзін аман алып қалған хирург пен орталық дәрігерлеріне ерекше алғысын жеткізді.
Тамара Дмитриева, науқас: «Жедел жәрдем келді, олар маған инъекция жасады, ештеңе көмектеспеді, кардиолог шақырылып, мені жүрек орталығына алып келді. Мен реанимацияда болдым. Мен алты сағат реанимацияда операция жасағандай сезіндім, ауырдым. Бірақ қазіргі жағдайым жақсы. Дәрігерлерге ерекше алғысымды білдіремін».
Айта кетейік, Шымкенттегі жүрек орталығы бұл ота түрі арқылы жылына 2000-2500 адамның өмірін арашалап қалады екен.
Мөлдір Ибадуллаева