Шымкентте халық санағына 1490 персонал жұмылдырылады

267

Тәуелсіздік алғалы үшінші рет өткізілгелі отырған халық санағы биыл екі әдіспен жүргізіледі. Бірінші әдіс, тұрғындар 1 қыркүйек – 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайты арқылы онлайн-санақтан өте алады.

Интернет арқылы тіркелген респонденттерді интервьюерлер екінші рет сауалнамадан өткізбейді. Екінші жолы, 1-30 қазан аралығында санақ персоналдары үй-үйді аралайтын болады. Тұрғындардың мәліметтері планшеттерге енгізіледі.

Сала мамандарының мәліметінше, Шымкентте санақ жұмыстарына 1490 санақ персоналын, яғни 186 нұсқаушы-бақылаушы және 1304 интервьюерді жұмылдыру жоспарланған.

Айта кетейік, эпидемиологиялық жағдайға байланысты санақ жүргізетіндер тек вакцина ектіргендерден жасақталады. Санақ жұмыстарын жүйелейтін штаб ғимараттарына «Ашық» қосымшасы орнатылады.

 Әлихан Файзханов