COVID-19: 312 жағдай тіркелді

93

Шымкент қаласындағы COVID-19 аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық жағдай коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып қалуда. ҚР өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Шымкент қаласы «қызыл аймақта».

COVID-19 инфекциясымен 2021 жылдың 10 шілдесінде тіркелгені 312 жағдай, оның ішінде симптоммен – 234, симптомсыз -78. 18 жасқа дейінгі балалар арасында 65 жағдай тіркелді.

2021 жылдың 1 қаңтары мен 10 шілдесі аралығында COVID-19 инфекциясымен 9489 жағдай тіркелді, оның ішінде симптоммен – 6121 симптомсыз – 3368, 18 жасқа дейінгі балалар арасында 1669 жағдай тіркелген.

Бір тәулікте 2774 зертханалық тексерулер жүргізілді, оның ішінде 312 оң нәтижесімен анықталды.

Барлығы 7943 коронавирус инфекциясының ошағы анықталған, оның ішінде 940 ұйымдастырылған ұжымдарда тіркеліп отыр.

Бүгінгі таңға 3803 белсенді ошақ қадағалануда, оның 3037 үй ошақтары, 766 ұйымдастырылған ұжымдарда тіркелген.

Барлық коронавирус инфекциясы COVID-19 және пневмония тіркелген ошақтарда
індетке қарсы іс шаралар жүргізілген, қаулылар шығарылған, қарым-қатынастағылар анықталып, COVID-19- ға зертханалық тексерілген.

QAINAR KÓZДсэк Шымкент