Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Абдашим Юлдашев 2009 жылдан бастап жылыжай шаруашылымен айналысып келеді. Кәсіпкер бүгінде 0,2 га аумақта көкөністің екі түрін өсіріп, өнім алуда.
«Замира» деп аталатын қызанақтың сортын егуді қолға алған ол жылына 30-40 тонна өнім алуда. Ол қызғылт қызанақ пен қияр өнімін Кентау қаласынан бөлек өзге өңірлерге де сатылымға шығарады.
Жылыжай шаруашылығын отбасылық кәсіпке айналдырған қожалық иесі ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкердің бүгінгі таңда өнімін тасымалдайтын 3 дана ауыр және 1 дана жеңіл көлігі бар.
Сорты ерекше қызғылт қызанақ пен қиярға деген сұраныстың артуына байланысты тағы бір жылыжайдың құрылысы жүргізілуде. Күз мезгілінде құрылысы аяқталса көшеттерді егіп, өнім алу жоспарлануда. Кәсіпкер осылайша жылыжайдың көлемін 0,5 га аумаққа ұлғайтуға ниетті.