Úı ANONS «Alsera KZ» жылыжай кешені алғашқы қызанақ өнімін жинады

«Alsera KZ» жылыжай кешені алғашқы қызанақ өнімін жинады

Шымкентте «Alsera KZ» жылыжай кешені алғашқы қызанақ өнімін жинады. Бұл кешен өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыру үшін бағытталған маңызды жоба. Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, Түркия Республикасының Түркістан қаласындағы Бас консулы Левент Гюржан және басқарма төрағасы Иззет Гарих бастаған «Alarko Holding» өкілдері қатысты. Олар алғашқы терімнің қызанағын жинауға үлес қосты.

«Alsera KZ» жылыжай кешені толықтай заманауи цифрлық және автоматтандырылған технологиялармен жабдықталған. Жылдық өндірістік қуаты 155 мың тоннаны құрайды. Бұл жоба еліміздегі ең ірі жылыжайлардың бірі ғана емес, сонымен қатар өңірдің ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеретін маңызды жобалардың бірі дейді министр. Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік бермек.

«Қазақстан бойынша жылыжай кешені 1320 гектар. Оның 500 жартысын сіздер өздеріңіз жасайын деп отырсыздар. Осы жобаны аяқтап бітіру керек. Жақсы, сапалы өнім алу кеерк. Сосын ішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарыққа рұқсат береміз. Экспорт жасау керек».

Құны 650 млн. АҚШ долларына бағаланған «Alsera KZ» жылыжай кешенінің құрылысы өткен жылдың жаз айында басталған. Инвесторлар бір жыл өте 14 гектар аумақтың құрылысын аяқтап, алғашқы қызанақ өнімін алды. Бұл біз үшін үлкен көрсеткіш дейді министр.  Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 1 триллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұған қоса, ашаруаларға  500 миллиард теңге көлемінде субсидия қарастырылған.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі: «Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы ауылшаруашылық саласының дамуына, осы салаға инвестиция тартуға өте үлкен көңіл бөлуде. Сондықтан, мемлекет тарапынан, барлық жағдай ауыл шаруашылығының дамуына жағдай жасалған. Қолдау жағына келсек, 25 жылға біз налогтан босатып жатырмыз. Осы инвесторларды Қазақстанға тартуға. Бұл жәй Қазақстанның ақшасына істеліп жатқан жоқ. Бұл тікелей шетелден келген инвестиция».

Сонымен қатар «Alsera KZ» жобасы аясында халықаралық стандарттарға сай зертханасы бар агроакадемиялық орталық салу көзделген. Бұл орталық өңірдің аграрлық саласы үшін білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, инвесторлар тарапынан балабақша салу да жоспарланған деді қала әкімнің бірінші орынбасары.

Айдын Кәрімов, қала әкімінің бірінші орынбасары: «Қала тарапынан бар қолдау мен мүмкіндіктер жасалып жатыр. Жасалады да. Алда екінші кезең 450 гектар бар. Оны да біріге отырып, игереміз деген ниетіміз  бар. ТМД кеңістігіндегі үлкен жылыжай ғана емес, еліміздің тамақ өнеркәсібі, агроөнеркәсібі саласындағы стратегиалық маңызды қадам».

Айта кетейік, жобаның жалпы аумағы 650 гектар, бірінші кезеңнің аумағы  208 гектарды құрайды. Жыл соңына дейін қосымша 40 гектар аумақтағы құрылыс жұмыыстарын  аяқтау жоспарланып отыр. Ал, алдағы уақытта 441 гектар іске қосылмақ. Қазіргі таңда, бұл жылыжайда  800 ден астам жұмысшы еңбек етеді.

Нұргүл Жолымбетова