Қазығұртта ерекше сортты қызанақ өсіріледі

131

«Қазығұрт Нұры» ЖШС кәсіпкері Серік Орманов ерекше сортты қызанақтар өсіреді. Жеке кәсіпкер Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 тонна қызанақты Нұр-сұлтан қаласы тұрғындарына төмен бағада ұсынуды көздеп отыр.

Оның әр түбі 10 келі өнім береді. Қазіргі уақытта нысан 50 адамды жұмыспен қамтып отыр. Аталған шаруашылық өнімдері Қазақстанның барлық аймағына сатылымға шығады.

Айта кетейік, биыл Қазығұртта 164,38 гектар жерге жылыжай салынып, шаруалар жоспар бойынша өнім алған.

Диана Біржанова