Міндетті вакцина мерзімі бекітілді

123

Еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы бойынша міндетті екпе жүргізу мерзімі бекітілді.

Қаулыда міндетті вакцинаның бірінші компоненті 2021 жылдың 10 тамызына дейін, екінші дозасы 1 қыркүйекке дейін салынып бітуі керектігі көрсетілген. Ал қызметкерлерін тек вакцина алған жағдайда ғана штаттық режимде жұмысқа шығаратын мекемелердің тізіміне қызмет көрсету, сауда, мәдениет және демалыс объектілері, қонақүй қызметі, жолаушылар тасымалы, білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілер еніп отыр.

Сондай-ақ, тізімде қоғамдық тамақтану нысандары мен барлық үлгідегі медициналық, әлеуметтік, тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық, экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар мен байланыс және телекоммуникация объектілері де бар. Бұл қаулы бүгіннен бастап күшіне енді.

                                                      Жанерке Хумар