Қаланың жылыту маусымына дайындығы пысықталды

128

Шымкентте жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр. Қаланың үш ауданындағы тұрғын үйлердің жертөлесінде құбырлар күрделі жөндеуден өтуде. «Қуат Жылу Строй» компаниясы тұрғындар қысты жылы пәтерде қарсы алады деп сендіріп отыр.

Темірлан тас жолындағы №22 үй тұрғындары үшін алдағы қыста жылу мәселесі туындамайтын болды. Алдағы жылыту маусымына дайындық уақытылы және сапалы өтті. Пәтер иелері «Қуат Жылу Строй» коммуналдық кәсіпорнымен жылу желілерін күтіп ұстау туралы келісімшартқа отырды. Мамандар 30 жыл болған ескі құбырларды ауыстырып, қысым сынағын өткізді.

Айман Ибраева, үй төрайымы: «Біз бәрімен келісімшартқа отырдық, мұнда қызмет жоғары деңгейлі, бізге ұнайды. Барлығы құбырды жақсы дейді, бірақ бәрібір оған қарап, ауыстырып, тазалау керек. Жылу өте жақсы, кеңес  заманында қайнап тұратын қазір де солай. «Қуат жылу сервис» қызметтерінің бағалары қолжетімді, бұл ретте сапасына да күмән жоқ»

Сүйінбай Мамадалиев, «Қуат Жылу Сервис» компаниясының бас инженері: «Біздің нарықта жүргенімізге бес жылдай болды. Егер кенеттен бірдеңе болса, жігіттер келіп, ажыратады, оны жасайды және үйді қайта қосады, бұл тегін, жылытылатын алаңның шаршы метрі үшін 8 теңге 17 тиын, олар 12 ай төлейді. «Қуат жылу орталығы – 3» мемлекеттік кәсіпорнына ерекше алғыс, қыста олар бізге көмектеседі».

Абай ауданы әкімдігінің тиісті бөлім басшысы алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысын жеке өзі тексеруде. Оның айтуынша, сервистік компаниялар өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды.

Оңғар Әбілхайыр, Абай ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы: «Қазір бізде Абай ауданында 150 үй жылыту маусымына дайын. Бізде техникалық қызмет көрсететін үш компания бар, олар құбырларға қызмет көрсетеді және ауыстырады, қысымды тексереді және тазалайды».

Шымкентте алдағы жылыту маусымының басталуы қазан айының ортасында жоспарланған. Жылу беруді бастау кестесі ауа-райына байланысты реттелуі мүмкін.