Қармақшы ауданының әкімі тағайындалды

203

Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі және Қармақшы аудандық мәслихатының келісімдерімен Қармақшы ауданының әкімі лауазымына Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы тағайындалды.

Нұртай Қайрат 1982 жылы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде туған. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін инженер-механик, Дінмұхамед Қонаев атындағы университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жетекші маманы болып бастап, 2005-2006 жылдары Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде жауапты қызмет атқарған; 2006-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі; 2014-2015 жылдары Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.

2018 жылдан бастап 2019 жылдың желтоқсан айына дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметттерін атқарған.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа басшыны таныстырып, аудан әкіміне сәттілік тіледі.