Қатерлі ісікпен ауыратын жас қызға көмек керек

77

Бұл -17 жастағы Илона Ким. Анасымен бірге Стамбұлдағы ауруханада жатыр. Илонаның қатерлі ісігі бар. Қазір ол осы аурумен күресуде. Алдында — үш химиотерапия, инсульт, кома оталары жасалды.

Енді Илонаға сүйек кемігін трансплантациялау қажет. Түрік дәрігерлері қалпына келтіруге жақсы мүмкіндік бар деп отыр. Операцияға жұмсалатын соманың басым бөлігі жиналды, өмірін сақтап қалу үшін тағы 21 миллион теңге керек.

Елена Андреева, Илонаның анасы: «Бізге ұзақ уақыт созып жүруге болмайды, оған шұғыл трансплантация қажет. Операцияға жұмсалатын соманың басым бөлігі жиналып қалды, енді 21 миллион теңге жинау қалды. Біздің отбасымыз үшін бұл сома өте ауыр. Өтінемін, бізді қиындыққа қалдырмаңыздар. Менің балам өте көмекке мұқтаж. Бұл трансплантация өте маңызды».

Илона аурумен 6 жыл бойы күресіп келеді. Қыз бала Түркістан облысының Түлкібас ауданында туып өскен. Бұл ауру қарапайым ауылдың отбасына күтпеген жерден келді. Оған лимфобластикалық лейкемия диагнозы 11 жасында қойылған. Осы жылдар ішінде Илона ондаған химиотерапиядан өтті, ауру ремиссияға өтті, бірақ ұзақ уақыт емес. Соңғы мүмкіндік — Түркиядағы емдеу.

Илона Ким, Түлкібас ауданының тұрғыны: «Мен өз үйіме қатты оралғым келеді, әр химиотерапия — бұл қатты ауырсыну, құсу, жүрек айнуы, стоматит, күйік және басқа да ауырсынуларға алып келеді. Тіпті қазір мен ауырсамда сұхбат беріп отырмын. Менің аузымда қатты күйік бар. Қатты ауырады».

Егер Илонаның отбасы қажетті соманы таппаса, оны емдеуден бас тартуы мүмкін. Қыздың ата-анасы баласының сауығып кетуінен үмітті. Илонаға әрқайсымыз көмектесе аламыз.

РЕКВИЗИТ: KASPI GOLD 5169-4971-7660-2898 Тел.: + 7 (771) 319-32-51 Андреева Елена (Анасы)

СБЕРБАНК Руб 4263-4333-3669-6023 Тел.: + 7 (771)319-32-51 Андреева Елена (Анасы)

Халык Банк 4405-6398-1777-2849 Тел. +7 (701)313-96-31 Ким Александр (Әкесі)