Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантин шектеулері туралы жаңа қаулы жариялады.
Жаңа қаулыға сәйкес:
Ашық және жабық базарлардың жұмыс уақытысы 17.00-ге дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.
Қоғамдық тамақтану орындары («Asyq» жобасына қатысатын субъектілер үшін) толтырылуы 50%-ға дейін ,бірақ 50 орыннан асырмай сағат 07.00-ден 17.00-ге жұмыс істеуге рұқсат, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.
Қоғымдық көлік қалыпты режимде (бетперделердің киілуі, қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, толымдылық отыратын орындар саны бойынша) сенбі және жексенбі күні қоғамдық көліктің қозғалуына тыйым салынады.
Айта кетейік, Шымкент эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл» аймақта тұр.