Шымкентік педагогтар 100 пайыз вакцина салдырды

161

Шымкентте педагогтардың 100 пайызы вакцинацияланды. Осылай деген қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева ұстаздардың жаңа оқу жылына сақадай сай екенін атап өтті.

Сөзінше қала мектептерінде 28 000 мұғалім дәріс берсе, оның 25 мыңға жуығы короновирусқа қарсы екпе салдырған. Қалғаны денсаулығына байланысты антидот қабылдай алмайды екен.

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы: «Шымкенттің 28 мың педагогтың 25 мыңға жуығы вакцина салдырды. Ал 3 мыңдай ұстаз денсаулығына байланысты арнайы анықтамасы бар. Оқу жылына дайынбыз. Мұғалімдерге вакцина салып бастаған кезде мен өзім бастап екпе ектірген болатынмын. Содан барлық мұғалімдер жалғастырды».

Айта кетейік, бүгінде мегаполисте вакцина қабылдағандар саны 362 150 адамға жетті. Ал, екпенің екінші компонентін 261 673 тұрғын салдырды.

Мөлдір Ибадуллаева