Шымкентте эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады

142

Шымкентте эпидемиологиялық ахуал күрделі.Қазір қала «қызыл» аймақта. Соңғы тәулікте қалада КВИ-дің 264 жағдайы тіркелді. 101 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 163 адам үй бақылауға алынған.

Медицина мамандарының айтуынша, қалада инфекцияның күрт өсуінің басты себебі, дельта штаммның пайда болуы мен той, жиындардың әлі де тоқтамауы.

Айта кетейік, қазіргі кезде науқастар үшін дайындалған төсек орынның 50 пайызы бос емес. Стационарда 1097 науқас ем қабылдап жатыр.Күрделі эпимдемиялогиялық жағдайға байланысты карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.