Úı Jańalyqtar Шымкентте алғаш рет шахматтан жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтеді

Шымкентте алғаш рет шахматтан жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтеді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шымкентте алғаш рет шахматтан 8-18 жастағы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілуде.

Сайысты Шымкент қаласы әкімдігі мен Қазақстан шахмат федерациясы бірлесіп ұйымдастырды.

​«Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін қалыптастыру аясында қолға алынған спорттық сайыс 2021 жылдың шілде айының 20-30 жұлдызы аралығында өтеді.

«Қош келдің, чемпион» атты шахмат турнирінің мақсаты — халықаралық шахмат аренасында Қазақстанның оң имиджін қалыптасыра отырып, Шымкентті зияткерлік шаһарға айналдыру. Сондай-ақ, шахматтан жаңа таланттарды анықтау.
Жарысқа «Black Rock Business» ЖШС және Air Astana, Allur Auto, Сарыарқа АвтоПром, AIFC компаниялары демеушілік етуде.

Сайыстың жалпы жүлде қоры — 2 880 000 теңге. Жеңімпаздар шахматтан әлем және Азия чемпионаттарының жолдамасына ие болмақ.

Ел чемпионаты барлық санитарлық талаптарға сәйкес ұйымдастырылып отыр.