Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында тағы бір түлектер легі үлкен өмірге қанат қақты. Бүгін «Түркістан» сарайында екі мыңнан астам жас маманға диплом табысталды. Енді олар медицина, фармация, білім беру және денсаулық сақтау салаларында еңбек етіп, халық денсаулығын нығайтуға және отандық медицинаның дамуына өз үлестерін қоспақ.
Биыл Оңтүстік Қазақстан медицина академиясын екі мыңнан астам түлек тәмәмдады. Олардың арасында үздік диплом иегерлері де аз емес. Жастарды оқу орнының ректоры Жанна Сейтжанова құттықтап, олардың алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
ЖАННА СЕЙТЖАНОВА, ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫНЫҢ РЕКТОРЫ: «Кеше ғана үлкен өмірге алғашқы қадам басып, академиямыздың қабырғасын үлкен арманмен, үкілі үмітпен аттаған студенттер бүгін отандық медицина жаңа лебі, еліміздің денсаулық сақтау саласының маңызды бөлшегіне айналды»
Мерей Асқар «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығын тәмамдады. Ол дәрілік препараттарды әзірлеу және олардың өндіріс технологияларын жетілдіру саласында еңбек етуді жоспарлап отыр. Жас маман алдағы уақытта магистратураға түсіп, кәсіби біліктілігін одан әрі шыңдауды мақсат етеді.
МЕРЕЙ АСҚАР, ЖАС ТҮЛЕК: «ОҚМА туралы ауыз толтырып айтатын әңгіме көп. Себебі біз тек қана медицина бағытында ғана емес, студенттерді ғылымға, өнерге, білімге, спортқа да баулитын универлердің қатарынанбыз. Бұл жерде сенің тәжірибелік дағдыларыңды да білім сапасы да және де студенттердің қоғамдық қызметі бойынша ғылым жолындағы қызметтері бойынша оқу орнының беретін пайдасы және мүмкіндігі жоғары»
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы бүгінде денсаулық сақтау саласына қажетті білікті мамандарды даярлайтын жетекші оқу орындарының бірі. Мұнда жалпы медицинадан бастап фармация мен фармацевтикалық өндіріс технологиясына дейінгі түрлі бағыттар бойынша білім беріледі. Сонымен қатар оқу ордасы заман талабына сай жаңа білім беру бағдарламаларын да енгізіп келеді.
ЕРБОЛ СӘЛІМ, ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОРЕКТОРЫ: «Сонымен қатар, ОҚМА дипломнан кейінгі деңгейлерде: магистратура, резидентура, және доктарунтура бағыттарында мамандар дайындалып жатыр. Сонымен бірге, біздің мед академиясының ішінде мед колледж жұмыс істейді. Ол колледж де өзінің белсенді жүргізіп жатыр. Қазіргі кезде. Осы аталған барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік гранттар, ақылы негізде де студенттер білім алады»
Академия түлектерінің еңбек нарығындағы сұранысы жоғары. 2024–2025 оқу жылының қорытындысында олардың 99 пайыздан астамы өз мамандығына сәйкес тұрақты жұмысқа орналасып, кәсіби қызметке кіріскен.
Лицензия: № KZ 361FF00011387, 2018 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген.
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 1.






