Úı Jańalyqtar «AUZHAN KTL»: Баланы стрессіз мектепке дайындауға басымдық берілген

«AUZHAN KTL»: Баланы стрессіз мектепке дайындауға басымдық берілген

«AUZHAN KTL» көптілді мектеп-лицейінде бірінші сыныпқа оқушылар қабылдау жүріп жатыр. 1200 оқушыға шақталған білім ошағында балаларды мектепке қабылдау үшін арнайы психологиялық және интеллектуалдық диагностика жүргізіледі. Бұл зерттеу баланың бірінші сынып бағдарламасына дайындық деңгейін анықтауға бағытталған дейді мамандар.

 

НҰРИЯ МОЛДАБАЕВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: «Көп ата-аналар баласы алты жасқа толып мысалы мектепке береді ол дұрыс емес деп ойлаймын ең алдымен баланың мектепке психологиялық тұрғыдан дайын екенін анықтау қажет және де сол дайындығын біздің мектепте арнайы диагностика жүргізіледі сол диагностика арқылы анықтауға болады бұл диагностика арқылы бала бірінші сыныпқа дайын ба, дайын емес пе соны қарастырады. Еер дайын болған жағдайда бірінші сыныпқа барады дайын емес болған жағдайда біздің мамандардың ұсынуы бойынша ол баланы 0 сыныпқа мектепалды дайындық сыныбына беріп бір жыл мықтылап дайындап келесі жылға ешқандай стрессіз күйзеліссіз мектепке оңай бейімделуіне жағдай жасайды және де сол арқылы ата-анаға жақсы ұсыныс айтамыз»

 

 

Тексеруден «AUZHAN KTL» лицейіне келетін кез келген үміткер өте алады. Тіпті бала бұған дейін өзге білім ошақтарының даярлық сыныбында оқыса да, диагностикалық қорытынды жасалады.

 

НҰРИЯ МОЛДАБАЕВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: «Арнайы мамандар қарастырылған және сол мамандар баланың өзінің ерекшеліктеріне қарай сол диагностиканы жасайды. — Егер мысалы «Аужанда» оқымай басқа мектептерде де бұған дейін оқып келген болса мысалы даярлық сыныбында оқып келген болса да сіздер келсе диагностика жасап бере аласыздар ма? — Әрине әрине кез келген бала ол даярлық сыныпқа барды ма ол даярлық сыныбына бармады ма маңызды емес жалпы келген кез келген ата-анаға баласына диагностика жасаймыз және сол арқылы диагностиканың шешімімен міндетті түрде бөлісіп дұрыс шешім қабылдауына көмектесеміз»

 

Педагогтердің пайымдауынша, бастауыш сынып — бүкіл білім жүйесінің іргетасы. Сондықтан мектептегі ұстаздар қауымы оқушылардың білімге деген құштарлығын оятуды басты мақсат етіп қойған.

 

ЗУХРА ҚУАНДЫҚОВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: «Бастауыш мектеп бұл білім саласының негізі. Біз бастауыш сыныпта баланың оқуға деген құштарлығын қалыптастырамыз. Плутарх айтпақшы «Оқушы – толтырылатын ыдыс емес, тұтануды қажет ететін жалын». Біздің мектебімізде осы нақылды шын мәтінде жүзеге асыра алатын ұстаздар бар. Келіп, біздің мектептің мүмкіндігін көрсе, балаларын оқытса, ата-аналардың көзі толық жетер еді»

 

Білім ордасында 7 тіл үйретеді. Оқушылар қалауына қарай өздері қосымша сабақ ала алады.

«AUZHAN KTL» лицейінде бірінші сынып оқушыларын алдағы оқу процесіне бейімдеу шаралары тамыздан бастап қолға алынады.

ЗУХРА ҚУАНДЫҚОВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: «1 тамыздан бастап біздің мектебімізде 1 сыныптарды сабаққа дайындау жүргізіледі. Біздің мектепте оқу балаңыздың келешекте білімді, жарқын болашағы сыйлайтынына сенемін. Сондықтан ойланбастан, бізге балаңызды сеніп тапсыруыңызға болады».

 

Тамыз айында ұйымдастырылатын мектепалды даярлық тобы жеделдетілген форматта жұмыс істейді. Бір ай ішінде мамандар балалардың қабылдау жылдамдығы мен жеке ерекшелігіне қарай әріп тану, санау және буындап оқу дағдыларын қалыптастырады.

 

НҰРИЯ МОЛДАБАЕВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: «Бізде қазір мектебімізде бала қабылдау ашық болып ашық және де бірінші тамыз айынан бастап бірінші қыркүйекке дейін бізде мектеп алды дайындық тобы болады. Біз балаларды бірінші сыныпқа дайындаймыз бір айдың ішінде не үйреніп шыға алады бір айдың ішінде енді ол баланың жеке ерекшелігіне байланысты болады бір айдың ішінде баланы біз әріп танытамыз. Балаға жалпы сандарды үйретеміз математикалық қарапайым есептерді шығаруды үйретеміз және де егер баланың қабылдауы тез болып жатса онда баланың екі әріпті қосып буындап оқуды осы бір айдың ішінде үйретеміз».

 

Мектепте әр оқушы жеке тұлға. Білім ошағының ұстаздары олар мықты білім алып шығу үшін даярлық сыныбындағы бала санын шектейтінін айтады. Сол арқылы білім сапасын арттыру көзделген.

 

НҰРИЯ МОЛДАБАЕВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: «Топтар құрастырылады баланың оқу тіліне байланысты мысалы қазақша оқитын болса онда қазақ тобына орысша оқитын болсаң онда орыс тобына сияқты бөліп оқу тобына байланысты тіліне байланысты топтарға бөлінеді кем енді максималды бір он бала болуы мүмкін топта және солай жинала береді. -Он бала болу себебі олар тез үйреніп тез меңгеріп кетуіне септігін тигізеді ғой шамасы иә? — Бала аз болған сайын балаға көбірек уақыт бөлінеді әрбір балаға уақыт бөлінгеннен кейін ол баламен жеке жұмыс жасау да оңай болады. — Сол бір айдан кейін бір ай оқып бірінші сыныпқа оқуға кіріп кете беруге болады иә? — Әрине өткен жылы бізде ондай ондай болды бізде мектеп алды даярлық тобы бір айдың ішінде мысалы кейбір балалар мектепке әлі үйренбеген мектепте өзін қалай ұстау керектігін білмеген. Келіп, үйреніп бірінші сентябрьде бірінші қыркүйекте өзінің білетін ортасына келіп тез бейімделіп кетті және үйреніп кетті»

 

«AUZHAN KTL» лицейінде білім алушылардан алдымен бастапқы тест алынады. Соның нәтижесінде баланың қай салаға бейім екенін анықтап, әр оқушыға арналған жеке даму жоспары құрылады.

 

ЗУХРА ҚУАНДЫҚОВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: «Біздің мектепте балалармен жеке жұмыс жүргізу қолға алынған. Бірінші ретте біз оқушыдан тест аламыз. Сол арқылы оқушының жеке шығармашылық қырын саралаймыз. Содан кейін барып, баланың ерекше қабілетіне қарай жеке жоспар құрамыз. Сол арқылы жұмыс жүргіземіз. Үйірмелерге бөліп береміз. Кешке дейін үйірмеге қаншалықты қызығып қатысқанын бақылаймыз. Ал әр ұстаздың өзіндік әдіс-тәсілі бар. Сол арқылы әр мұғалім жеке-жеке жұмыс істейді».

 

Лицей бағдарламасында балалардың күнделікті тұрмыстық дағдыларды меңгеруіне де жағдай жасалған.

 

ЕЛНҰР СЕРІК, ОҚУШЫ: «Бізде жұма күндері кулинария сабағы болады. Алдыңғы жүма күні кулинарияда донер жасауды үйрендік,  ұнады. Оның ішіне донерді қалай орап, ішіне не салу керегін үйрендім. — Енді үйде өзің жасай аласың ба? — Иә, кеше үйде донер жасап көрдім. Жақсы шықты. — Үйдегілер мақтады ма? — Иә. — Сүйсініп жеді ме? — Иә, інім, мен жедім. — Ініңді үйде солай тамақтандырғаныңа ата-анаң айтты ма? Күшті нәрсе үйреніпсің, жарайсың деп. — Иә мақтады көп ата-анам»

 

ЗУХРА ҚУАНДЫҚОВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: «Біз оқушының жеке қабілетін, шығармашығын ашып, жеке дара тұлға болуын қалаймыз. Себебі оқушының бәрі Эйнштейн болуы міндетті емес. Мүмкін ол оқушы әйгілі Ван гог сияқты суретші болатын шығар. Немесе мықты архитектор, жазушы болатын шығар. Міндетті түрде математикадан жетік маман болу керек деген шарт жоқ. Бастысы баланың ішіндегі талантын ашу. Баламен жеке жұмыс істеу бізге баланың сан қырын ашуға көмегін береді»

 

Сабақтан тыс уақытта «AUZHAN KTL» оқушылары «World Class» кешеніне барып, кәсіби деңгейде жүзумен айналысуға да мүмкіндік қарастырылған.

АЛТЫНАЙ БЕРМҰРАТ, ОҚУШЫ: «Біз «World Class-қа» аптасына 2 рет барамыз. Және «World Class-қа» баратын кезде жүземіз. «World Class»-тың жүретіні ұнайды. Сол жақта өте қызық болады. — Сыныппен барасыңдар ма? — Иә»

 

Лицейде сабақтар интерактивті көрнекіліктер, ойын түрлері және эстафеталық тест сұрақтары арқылы өтеді. Әр сыныптағы бала саны 20-дан аспайды. Ұстаздар сөзінше, бұл таңнан кешке дейін әр оқушыға толық уақыт бөлуге септігін тигізеді.

 

НҰРИЯ МОЛДАБАЕВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: «Биыл 2025-2026 оқу жылында бірінші сыныпты аяқтады екі мың жиырма алтыншы жылы екі мың жиырма алты жиырма жетінші жылда бізде екінші сыныпқа өтіп жатырмыз. Бізде ерекше сабақтарымыз негізі әр қызықты барынша өткізуге тырысамыз. Әр түрлі материалдар дайындап балалардың барынша қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрінде ұйымдастырамыз немесе балаларды әр түрлі эстафеталық сияқты тест сұрақтар қою арқылы баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру маңызды және біз соны өзіміздің тәжірибемізде қолданамыз. — Сыныптарыңызда қанша оқушы болады көбінесе бір сыныпта? —  Бір сыныпта негізі жиырма баладан аспайды жиырма балаға дейін болады бір сыныпта ол баланың жалпы егер жиырмадан асып кетсе енді әр балаға уақыт бөлу шамалы қиынырақ болады ал жиырма балаға дейін таңнан кешке дейін балалар біз қасымызда болғандықтан оларға барынша бос уақытта да басқа сабақтың уақытында да уақыт бөлуге тырысамыз»

 

НҰРИЯ МОЛДАБАЕВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: «Біздің «Аужан КТЛ» көп тілді мектеп лицейіміз барынша тілдерді үйретеді бізде түске дейін негізі программа бойынша сабақтар болады өзінің арнайы сабақтары таңғы асқа барады таңғы астан кейін өзіміздің сабақтарымыз болады ал түстен кейін нөлінші және бірінші сыныптарда бізде тынығу сағаты бар яғни арнайы орындықтар бар егер көрген болсаңыздар бізде арнайы орындықтар бар баланың тынығып демалуына өйткені балаға әлі кішкентай бала болғаннан кейін үстеме көп болады оның миы шамалы тынығып алса түстен кейін бізде үйірмелер болады ол баланың өзі таңдайды қызығушылығына байланысты баланы спортқа жібереміз міндетті түрде спорт болады міндетті түрде шығармашылық үйірмелер болады барынша жан жақты баланы дамыту мақсатында әртүрлі үйірмеге қатыстырамыз”

 

Мектепте саналы, жан-жақты тұлға қалыптастыру үшін баланың алаңсыз білім алуына жағдай жасау маңызды. Осы мақсатта «AUZHAN KTL» лицейінде оқушылардың уақтылы әрі нәрлі тамақтануына ерекше көңіл бөлінген. Мұндағы ас мәзірі бекітілген нормативтер мен грамдық өлшемдер бойынша қатаң әзірленеді.

ЖАҢЫЛ ДҮЙСЕНОВА, АСПАЗ: «Бізде менюімізді дайындап береді. Былай істейсіздер деп. Бірақ бізде бәрі граммен. Үлкен балаларға 120 граммнан, кішкентайларға 100 граммнан. Азанда каша, сары май, пирожок шығады. Бәрі граммен. Компотымыз қолдан қайнатылады. Каркаде бізде. Шиповник және қақтан жасаймыз. Бізде өңкей көкөністерден жиналған қақтан жасалды. 200 гр компот беріледі. Әр күні әр түрлі каша болады. Бірінші күні күріш каша болса, екінші күні тары кашасы болады. Бұқтырма болады. 5 күнге 5 түрлі каша. Ыстықтай береміз. Қыздар таратады. Әр сыныпқа қойылып шығады»

 

ЖАҢЫЛ ДҮЙСЕНОВА, АСПАЗ: «Ол кезде азанда каша ішілсе, түсте бірінші, екінші тамақ ішіледі. Сорпа міндетті түрде. 5 күнге 5 түрті тамақ қойылады. Содан кейін сағат 4-те тіскебасар болады. Ол кезде 1 тәтті күлше мен 1 банан, сусын шығады. Тойымды. Осы күнге дейін шағым айтпады. Тоймай қалдық демеген»

 

«AUZHAN KTL» лицейінің тағы бір басты артықшылығы — мұнда тәрбие үдерісін қатаң бақылайтын кураторлық жүйе жолға қойылған. Арнайы бекітілген тәлімгерлер балалардың сабақтан тыс уақытын тиімді өткізуін қадағалайды.

 

ЗУХРА ҚУАНДЫҚОВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: «Сабақтар 8-де басталса, оқу 12 жарымға дейін жалғасады. Балалар одан кейін тамақтанып алады. Түскі 2-ден кейін барып үйірмелер басталады. Бізде мектептің ерекшелігі бірінші сынып және 5 пен 11 сыныптар арасында кураторлар болады. Олар баланың үй тапсырмасын жасауына көмектеседі. Кешке дейін қастарында жүреді. Ол ұстаздар сабақ бермейді. Тек оқушының білім алуын, үй жұмысын жасай алуын, үйірмеге қызығушылығын бақылап жетекшілік етеді».

Мамандар дерегіне сүйенсек, баланың мектепке дейінгі базалық дайындығы оның келешекте оқу бағдарламасын еш қиындықсыз меңгеріп кетуіне негіз болады.

 

НҰРИЯ МОЛДАБАЕВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: «Мектепке бару бірінші сыныпқа бару баланың өміріндегі ең маңызды мәселелерінің бірі болып есептелінеді және де сол мәселені ата-аналары түсінуі қажет деп ойлаймын бала мектепке келген кезде әріп танып санды танып білу керек. Қарапайым сөздерді оқи алу керек және қарапайым математикалық есептерді есептей алу керек. Сонда бала мектепке мектептің бағдарламасын меңгеруде және сол ортаға бейімделуге де жеңіл болады»

Auzhan көптілді лицейінде балалар үшін жайлы және заманауи кампус жасақталған. Мұнда спорт алаңдары мен тынығу орындары бар. Ең бастысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда. Auzhan KTL сіздің балаңызды сапалы білім мен жарқын болашаққа дайындайды!

Әсел Мәлік