Úı ANONS Түркістанда жол-көлік оқиғасынан полицей қаза тапты

Түркістанда жол-көлік оқиғасынан полицей қаза тапты

Бүгін Түркістанда қызметтік міндетін атқару кезінде қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Қонысбеков қайтыс болды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше,  патрульдік полиция экипажы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, өз әрекетімен жол қозғалысының өзге де қатысушыларына қауіп төндірген жеңіл автокөлік жүргізушісін тоқтатуға әрекет еткен. Десе де Б.Саттарханов даңғылы мен Тараз көшесінің қиылысында  полиция қызметкері қызметтік автокөлігімен жол-көлік оқиғасына түсіп, оқиға орнында алған ауыр жарақатынан көз жұмған.

 

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде»

 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ

Оқиғаға қатысты тергеп-тексеру басталған. Полиция департаменті тергеу қорытындысына сай процессуалдық шешім қабылданатынын мәлімдеді.

 

Дилара Иса