Шымкентте көпқабатты үйдің тұрғындары жолды жауып тастауға бекініп отыр

89

Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары жолды жауып тастауға бел буды. Айтуларынша, пайдалануға берілгеніне бір жыл да толмаған «Нью Сити» тұрғын үй кешені сыр бере бастады.

Алдымен шатыры қатты жел екпінінен ұшып кетсе, енді міне жертөлелер үнемі суға толатын болған. Ал су құбырлары 15 күнде 7 рет жарылыпты. Салдарынан пәтерлерде су жоқ.

Ең қызығы, үй құрылысына тапсырыс беруші – Шымкент Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысын тұрғындар баспаналы болғаннан кейін бір рет көрмедік деп отыр. Ал мұндағылар қоныстанғалы бері бірнеше рет жиналып, наразылықтарын білдіріп келеді.

Жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған бұл тұрғын үй кешені Шымкент Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының тапсырысымен салынған.

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының тендерін «Бек Строй» компаниясы жеңіп алған
АУМАҒЫ — Аумақты абаттандыру жобасын мердігер «Бек-Строй» жүргізді
ҚҰЖАТ — Сараптамадан өткеннен кейін әкімдікке жолданды
Абаттандыру жұмыстарын «СК-Құрылыс» компаниясы жүргізді
Абаттандыру жобасы бойынша техникалық қадағалау ісін «Мир-строй» компаниясы жүзеге асырды.

Бұл жолы халықтың барлық шағымын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов тыңдады.

Мәулен Айманбетов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Тыңдаңыздар, енді ақаулы акт жасалады. Бізге қалпына келтіру жұмыстарына қанша материал жұмсалатынын білу керек. Мұның бәрін есептеу қажет. Бұл да уақытты керек етеді».

Абаттандыру жұмыстарын жүргізген техникалық қадағалау ісі тиісті шаралар көрілу үшін сәулет-құрылыс бақылау басқармасына тапсырылды. Енді жауапты мамандар, нөсерлі жауын салдарынан неге жертөле үнемі суға толатынын анықтап, тұрғындардың өзге де шағымдарды майшаммен қарайтын болады. Ал осындай жұмысты қабылдап алғандардың әңгімесі бөлек.

Аталған тұрғын үйдің тұсаукесері кезінде Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы нысанның құны мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес салынғаннан жоғары екенін айтып, сүйіншілеген еді.

Тұрғын үйдің таныстырылымы кезінде Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Канкин мырза мұндағы басналар мемлекеттік бағдарлама құнынан жоғары екенін жасырған жоқ.

Енді тұрғындар баспана емес, бас ауру сатып алғандай күй кешіп жүр. Олар көкейлеріндегі шағымдарына қатысты Канкин мырзадан жауап алғысы-ақ келеді. Сол мақсатпен тіпті жолды жауып та тастамақшы болды. Алайда корпорация басшысы төбесін көрсетер емес.

Айтпақшы, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының кеңсесі осы тұрғын үй кешенінен 10 минуттық жерде орналасқан.