Отырар телеарнасы түрлі этнос өкілдерінің тыныс-тіршілігін таныстыратын репортаждар сериясын жалғастырады. Бұл жолғы кейіпкеріміз көп ұлтты отбасынан шыққан әріптесіміз — Константин Гавшев. Әкесі мардвин, анасы қытай, әйелі қазақ.
Гавшевтер әулеті Шымкентте қаншама ғасыр жасап келеді. Бұл отбасының ерекшелігі — көпұлтты. Әулет анасы Галина Михайлқызының әкесі — қытай, анасы — орыс. Өзі мардвин ұлтына келін болып түскен. Үш ұлдың анасы перзенттерін мақтан тұтады. Соның бірі — әріптесіміз Константин Гавшев. Галина әже ұлтын сұраған адамға «қазақстандықпын» деп айтады екен.
«Менің ұлтымды көбі татар, қазақ, өзбек деп әртүрлі ойлады. Ал мен оларға өзімді қазақстандықпын деймін. Өйткені бір жерде өмір сүрген ұлт өкілдері бөлінбеу керек. Олар бір шаңырақ астында тұрады ғой. Сондықтан да біз біріміз бір елдің азаматымыз», -дейді әулет анасы.
Ксения — Гавшевтер отбасының келіні. Әкесі — қазақ, анасы — орыс ұлтынан. Қандай қонақ келсе де ұлттық тағам — ет асып, қарсы алады. Ал күнделікті ас мәзірі — интернационалды. Түрлі ұлттың тағамын дайындайды.
Ксения күйеуі, біздің әріптесіміз Константин екеуі бала кезінен бірге өскен. Айтуларынша, көрші тұрыпты. Әріптесіміз көрші қыздың жүрегін жаулау үшін көп тер төккен. Шымкент — олар үшін тамаша естеліктерге толы мекен. Шымқаланы ешбір жерге айырбастамайды.
Костантин Гавшев: «Мен Шымкентте тудым, балабақша, мектеп, жоғары оқу орнындағы қызыққа толы кездерім осында өтті. Барлық жақыным осында, тамаша отбасыны да Шымқалада құрдым. Қазір 4 баламыз бар. Бесінші сәбиімізді күтіп жүрміз. Сол үшін де Шымкентке ешбір жер жетпейді».
Көпұлтты отбасының достары да әралуан. Сондықтан болса керек, қаншама ұлттың ұлттық мерекелерін әрдайым атап өтеді.
Жанерке Хумар