Шымкент ҚПД Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шара жүргізуде. 2021 жылдың 1-шілдесінде сағат 14:22-де Шымкент қаласында орналасқан «Ақбастау» мейрамханасы карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықтады.Қызметкерлер мен даяршылар кафе ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсетуде.

Сондай-ақ, 200 адамға арналған Үйлену тойын өткізіп жатқаны белгілі болды. Аталған жайт бойынша, карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған кафе әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бекітілген қаулыға бағынбай, әлі күнге той-жиын өткізіп жатқан тұрғындарға бұл өздерінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіріп жатқанын қатаң ескертеді.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі