Тұран шағынауданындағы көшелердің құрылыс жұмыстары бақылауда

109

Шымкент қаласы Тұран шағын ауданындағы (Солтүстік-Шығыс бөлігі) №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 көшелеріне құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Аталған көшелердің жобасына жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол (тротуар), веложол (велодорожка) және автомобиль жолдарының сызбалары енгізілген. Көрсетілген нысандардың №1,2,6,7,8,10 көшелерінің құрылыс жұмыстары ағымдағы жылды соңына дейін аяқтау жоспарға қойылуда.

Аудан әкімі аппаратының мамандары тарапынан жол құрылысының жұмыс барысын және көп қабатты үйлерге кіріс жолдары мен ирригация жүйелерін мердігер мекеменің нысан басшысымен бірге аралап, алдағы жұмыс жоспары талқыланды.

Айта кетейік, Тұран шағынаудандағы 3, 4, 5, 9, 11, 12, 13 көшелердің құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі