Назарларыңызға алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынамыз. Шымкентте ыстық ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжамы бойынша шаһарда демалыс күндері күндері сынап бағаны күндіз +33 +35 және +35 +37 градус, 3-4 тамыз күндері +37+39 градус болады деп болжануда.
Ал алдағы жұмада ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріледі. Сондай-ақ мегаполисте солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Бірақ, апта жауын-шашынсыз өтеді.
Әсем Нұрлыбаева, «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі: «Шымкент қаласында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел күшейеді. Екпіні 15-20 м\с. Ауа температурасы түнде 18-20 градустан, 23-25 градусқа дейін, күндіз 33-35 градустан, 38-40 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі».
Түркістан облысында да ыстық ауа райы сақталады. 3-ші және 6-шы тамыз аралығында сынап бағаны +42 + 43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Тек таулы аудандарда атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен 2,3 және 4 тамыз күні кешкі уақытта өткінші жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Кей жерлерде шаңды дауыл күтілуде дейді синоптиктер.
Мөлдір Ибадуллаева