Жаңа жобаларды жүзеге асыру жұмыстары басталды

182

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде ғылыми зерттеу жұмыстарын пысықтау бойынша отырыс өтті. ⠀ Түркістан қаласының тарихы мен еліміздегі жерасты қылуеттерін зерттеу бағытында қолға алынған жобаларды жүзеге асыруды үйлестіруге арналған жиынға белгілі тарихшылар мен ғалымдар онлайн режимде қатысты. ⠀

Айта кетсек, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ғылым және ғылыми зерттеу бағытындағы конкурсынан «Қазақстанның рухани жер асты мешіттерінің тарихы» және «Қылует жерасты мешітін» музейлендіру» және «ХІХ ғасырдың ортасы – ХХІ ғасыр басындағы Түркістан қаласының әлеуметтік экономикалық – және мәдени тарихын кешенді зерттеу» тақырыптары аясында қос грантқа ие болған болатын.

Қазіргі таңда, аталған тақырыптар бойынша тарихи материалдар мен жазба деректерді жүйелеу, ғылыми әдебиеттерді зерттеу, зерделеу жұмыстары бастау алды. ⠀

QAINAR KÓZ"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі