100 адам жиналған той тоқтатылды

90

Еңбекші АПБ полицейлері аудан аумағында орналасқан тойхана карантин талаптарын бұзып, дүйсенбі, сағат 12:54-да 100 адамнан асатын қонақ шақырылған «қыз ұзату» той өткізіп жатқанын анықтады.

Сонымен қатар, қызметкерлер келушілердің дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткені де белгілі болды.

Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі