Úı ANONS 2022 жылы ұлттық қордан 550 млрд. теңге нысаналы трансферт тартылмақ

2022 жылы ұлттық қордан 550 млрд. теңге нысаналы трансферт тартылмақ

Республикалық бюджеттің шығыстары 2022 жылы 15,9 трлн. теңге көлемінде болмақ.

Бұл туралы Үкімет отырысында 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының жобасын таныстыру кезінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті.

Кепілдендірілген трансфертті 2022 жылы — 2,4 триллион теңге, 2023 жылы — 2,2 триллион теңге және 2024 жылы — 2 триллион теңге мөлшерінде айқындап, әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағыттау ұсынылып отыр.

Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы әзірленді.

Шынар Оразова