«Алатау» сауда орталығы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарын сауда-саттық жүргізуге, ал бизнес өкілдерін іскерлік қарым-қатынас орнатуға шақырады. Темірлан тас жолы мен Алматы күре жолының қиылысында орналасқан сауда орталығында түрлі құрылыс материалдары, автобөлшектер мен сан алуан ауыл шаруашылығы тыңайтқыштары бар. Жеке кәсіпкерлерге тиімді жеңілдіктер қарастырылған.

Сапалы құрылыс материалдары қажет пе? Түс қағаз, түрлі бояу мен линолеумның кең таңдауын «Алатау» сауда орталығының павильондарында табасыз. Керемет жайлы жағдайда көңіліңізден шығатын затты асықпай таңдап аласыз. Орынбек Қыстаубаев шымкенттіктер мен Түркістан облысының тұрғындарын сауда орталығына шақырады. Еш өкінбейсіздер дейді кәсіпкер.

Орынбек Қыстаубаев, жеке кәсіпкер: «Қазыбек» базары жабылғанда біз автобөлшекті сатумен айналысатындар осы жерге келіп жайғастық. Барлығы керемет. Бұрын шаңда сауда жасасақ, қазір таза жерде кәсібімізді дөңгелетудеміз. Бізде автобөлшектер бар. Екі асхана, әр 50 метрде әжетхана. Енді жұмысын бастағандарға мұнда 2-4 айға жеңілдік бар. Арендасы тегін. Келіңіздер…».

«Алатау» сауда орталығында заманауи павильондар, қойма орындары, қонақ үй кешені, дәріхана, көліктерге арналған тұрақтар карантин талаптары және өрт қаупсіздігі ескеріліп жайғастырылған.
Фахриддин Анарметов: «Алатау» сауда орталығының әкімшісі келген сатушыларға 30-60 шаршы метрге дейін, 60 ш.м.  -200 ш.м. дейін сату орындары тегін беріледі. Қонақ үйіміз, кең қоймаларымыз ,көліктерге арналған үлкен тұрағымыз бар». Сауда орындарына көлігіңізбен келіп, сол жерден заттарыңызды тиеп алып кетуге жағдай бар. Кең. Сауда орталығы  қажетті инфрақұрылыммен қамтылған. Электр жарығы, табиғи газ барлығы бар».

Енді ісін бастаған жеке кәсіпкерлер үшін «Алатау» сауда орталығында жеңілдіктер қарастырылған. 30 -дан 200-ге дейінгі шаршы метр сауда алаңдары бастапқыда тегін беріледі. Ал мына жаңа ғимаратта құрылыс материалдары, автобөлшектер, жиһаз сатуға арналған бос сауда орындары жеткілікті . Келіңіздер. Көріңіздер.

«Алатау» сауда орталығы Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы мен ескі Алматы күре жолының қиылысында орналасқан, «Бек» жанармай бекеті жанында.