Әлем чемпионатының жүлдегерлері жеңіспен оралды

100
GOLD Kenichiro FUMITA (JPN) df. Mirambek AINAGULOV (KAZ), 2-1

Уфада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері Бекзат Ермекбай мен Асылжан Есенгелді туған жеріне оралды. Шымкент қаласының халықаралық әуежайында жеңімпаз спортшыларды жерлестері зор қошеметпен күтіп алды.

Сайыпқыран саңлақтың екеуі де финалға бір табан жақын қалғанда сүрініп, қола жүлдегер атанды. Олар енді 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасына қатысуды жоспарлап отыр.

Шымкенттік Бекзат Ермекбай еркін күрестен ел ішінде өткізілген сайыстарда сан мәрте топ жарған. Уфада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 65 келіде бақ сынады. Жартылай финалға дейін жетіп, үшінші орын үшін белдесуде ирандық Сейедхассан Эбадимерметиден басым түсті. Алда әлі талай жарқын жеңістермен қуантамын дейді жас спортшы.

Бекзат Ермекбай, Жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері: «Барлық палуандар мықты болды. Мықты группада болдым мен. Бір жеңілдім енді, оған дайын болмай қалдым. Құдай қаласа, келесі де ұтамыз енді».

Бекзаттың анасы перзентінің әр сайысын ерекше толқыныспен көретінін айтады. Жастайынан жетістікке жетуді армандаған ол ақырындап жүзеге асып келе жатыр дейді. Жас спортшыға есімді Бекзат Саттархановтың құрметіне берген екен.

Роза Үсіпбаева, Бекзат Ермекбайдың анасы: «3-4 күн бұрын жарыс басталмай тұрып біз уайымдаймыз, ұйықтамаймыз. Бала-шағамызбен дұға-тілектер айтамыз. Аллаға мың да бір шүкір осындай күнге жетіп жатқанымызға. Менің балам негізі Бекзат Саттарханов қайтыс болған жылы 1 айдан кейін туылған. Содан кейін жылап отырып атын Бекзат деп қойғам».

Асылжан Есенгелді жаһандық жарыста 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол жартылай финалда әзірбайжандық Нураддин Новрузовты жықты. Ал ақтық сынға шыға алмаған себебім тастаған салмағым өзінің кедергісін келтірді дейді.

Асылжан Есенгелді, жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері: «Ең бірінші қиын болғаны, бірінші схватка болды Ресей палуанымен. Бірінші схваткадан соң кішкене 3 килоға асып тұрды салмағым. Келесі күні дұрыс ашылып күресе алмадым. Келесі күні ынталандыруда индус палуаны 14-12 есебімен ұттым. 3 орынға жарыста әзірбайжандық палуанмен 12-4 есебімен ұттым».

Бекзат Ермекбай мен Асылжан Есенгелді бұл жарыспен шектеліп қалмайтындарын айтады. Алдағы болатын Азия және Әлем чемпионаттарына қатысуды жоспарлап отыр. Содан соң Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарында байрақты бәсекесінде көк байрақты желбіретіп, елге жеңіс әкелуді мақсат тұтып отыр.