Ауыл шаруашылығына бөлінген субсидия фермерлерге емес, сұлулық салондарына берілген

138

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар, Түркістан және Алматы облыстарында ауыл шаруашылығына бөлінген қаржының теріс пайдалану фактілерін анықтады.

Талдау барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаларға субсидия төлеу фактілерін анықтады. Мысалы, Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қатысы жоқ 203 кәсіпкерлік субъектілеріне (сұлулық салоны, фармацевтикалық компаниялар, кәсіпорындар) 825 миллион теңгеден астам мал шаруашылығын қолдау саласындағы субсидиялар берілген.