Елімізде карантин режиімі қашан жеңілдетіледі?

53

«Вакцина алғандар үлесі 80% жеткенше карантинді жеңілдетуге болмайды». Бұл туралы профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман айтты.

Оның сөзінше, ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, үнемі жаңа толқындармен, жаңа індеттермен күресуге мәжбүр боламыз. Эпидемияға қарсы шаралардың әлсіреуі коронавирусқа қарсы қажетті екпені алғаннан кейін ғана қолданылуы керек.

Алмаз Шарман, Профилактикалық медицина академиясының президенті: «Карантин шараларын жеңілдетсе, вакцинация процесі жаңа, вакцинаға төзімді нұсқалардың, яғни, жұғу қаупі жоғары коронавирус штамдарының пайда болуына әкелуі мүмкін. Вирус тиімді вакциналар пайда болғанда селекциялық қысымға икемделеді. Бұдан шығатын қорытынды, азаматтардың басым көпшілігі шамамен 80% вакцина алғанға дейін карантиндік шараларды әлсіретуге болмайды».

Маман вакцина алмаған әр бесінші адам қан ұю қаупіне шалдығатынын айтты. Керісінше, ковидпен ауыратындар бедеуліктің, шала туылудың, сондай-ақ мидың, жүректің, басқа органдардың созылмалы сырқатының, оның ішінде ақыл-ой қабілетінің төмендеуінің үлкен қаупіне ұшырайды деп сендірді медицина академиясының президенті.

 Әлихан Файзханов