Интернет-дүкендер қазақстандықтарға 7 млн. теңгеге жуық ақшасын қайтарған

89

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Алмаз Әбжаппаровтың айтуынша, елдегі интернет-дүкендер қазақстандықтарға 7 млн. теңгеге жуық ақшасын қайтарып берген.

Азаматтардың комитетке арыз жазуына түрлі жайттар себеп болады. Тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту, сапасыз тауар ұсыну, өзге мәселелер бойынша шағымдар түседі.

Жалпы комитетке жыл басынан бері тұтынушылардан 8 мыңға жуық шағым түскен. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 144 пайыз көп.

Ведомство өкілі тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы проблемалар жаңа заңнамалық өзгерістер енгізуді талап ететінін атап өтті. Осыған байланысты Комитет Заңға түзетулердің 2-пакетін әзірлеуге кірісті.

Шынар Оразова