Қаржы пирамидасына ақша салғандардың қаражаты қайтарылды

67

Алматыда қаржы пирамидасына ақша салған жүздеген адамның қаражаты қайтарылды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.  Бұған дейін агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыруға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын. Пирамида «B2B Jewelry» зергерлік дүкендер желісінің атын жамылған.

«Жүргізілген жұмыс нәтижесінде «B2B Jewelry» қаржылық пирамидасының 197 салымшысына 123 миллион теңге қайтарылды», – дейді агенттік мамандары.

Қалған сыбайластарына қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу аяқталуға жақын.