Салымшыларға ақша қайтарылды

61

Лицензиясынан айырылған 9 банктің салымшыларына ақшасы қайтарылды. Бұл мәліметті Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлап отыр.

Еске сала кетсек, елімізде «Tengri», «Астана», «Эксимбанк», «AsiaCredit» секілді банктер жабылған болатын. «Capital Bank Kazakhstan» салымшыларына бір жылдың ішінде 1 млрд. 600 млн. теңге төленді. Бұл жалпы кепілді соманың 92 пайызынан асады.

Бір адамға ең көбі 15 млн. теңге берілді. Қазір ақшасын қайтаруды талап етпеген адамдардың қаржысын зейнетақы қорындағы шоттарына аудару жұмысы жүріп жатыр.Толық ақпаратты 1460 тегін нөмірі бойынша білуге болады.

Шынар Оразова