Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел хабарласып, алаяқтың құрбаны болғанын айтқан. Оның айтуынша белгісіз адам телефон арқылы қоңырау шалып «пәтер ұтып алдыңыз, оны алу үшін 500 000 теңге аудару керексіз…», — деп есеп шотына 500 000 теңге аудартып, алаяқтық жолмен алдағанын көрсеткен.
Аталған жайтты Сарыағаш АПБ-ның полицейлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп іздестіру жұмыстарын бастап кетті.
Сарыағаш полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған Қарағанды қаласының әйел тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Күдікті азаматшаның жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өз қажетіне жаратқаны белгілі болды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. Ұсталған азаматшаның бас шарасы қолхатта.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни үй сатып алып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді.