Полицей 8 жасар баланы ұрып соққан

166

Шымкентте сегіз жасар баланың анасы полицияға жүгінді. Айтуынша, ұлы ойнап жүріп, қатарластарымен сөзге келіп қалған. Алайда балалардың бірінің әкесі өз ұлын ұрғанын айтады.

Ер кісі осылайша баланы жөнге салмақ болған көрінеді. Алайда қатты соққылардан кейін оқушы ауруханадан бір-ақ шыққан.

Ұлболсын,  анасы: «Ол менің ұлымды басынан ұрып жерге құлатты. Сосын ол тебе бастады».

Көпбалалы ана ойын алаңында болған оқиға туралы әлі де қорқынышпен айтады. Екі ай бұрын сегіз жасар баласы қатарласымен ұрысып қалыпты. Олардың бірі әкесіне шағымданған. Ал ол балаларды татуластырудың орнына Ұлбосын Усманованың ұлын соққыға жыққан екен.

Ұлболсын Усманова, тұрғын:» Бұл шамамен екі ай бұрын болды. Мен есік алдында бір жасар балама қарап отырдым. Ал 8 жасар ұлым мұнда скейт теуіп жүрді. Ойын алаңында көршінің баласы оған тас лақтырып отырған. Осыдан кейін ұлым шыдай алмай, оны жай ғана ұрып қалды. Осыдан кейін бәрі орнына келген еді. Балалар ойнауды жалғастырды. Кенеттен ер адам, көрші келіп, менің ұлымды басынан ұрып, жерге құлатты. Сосын оны тепкілей бастады. Маған көршім ұлымды ер адам ұрып жатыр деп айтқаннан кейін мен араластым. Ұрысқан жоқпын бірақ мен оның ұлыма ескерту жасай алатынын айттым, мысалы, оның құлағынан тартып. Бірақ оны ұрмаңыз немесе теппеңіз дедім».

Анасының айтуынша, бала түнде өзін жайсыз сезініпті. Бүкіл денесі сыздап, басы қатты ауырған. Содан жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

Бұл форма киген адам, Ұлбосынның айтуынша, балаға қол көтерегеннің өзі. Алайда, ешнәрсе мойындамайды. Өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр. Баланы да, оның анасын да көрмегенін айтады. Және бұл үйде ешқашан тұрмағанын жеткізді.

«Жоқ, мен тіпті білмеймін және естімедім. Мен бұл жерде жұмыспен жүрмін. Өзім Тұран шағынауданында тұрамын» дейді ол.

Полиция департаментіндегілер бұндай жанжалдармен айналыспайтындарын жеткізді. Істі өзіндік қауіпсіздік басқармасы қарап жатыр екен. Сотқа дейінгі тексеру де болыпты. Алайда, сараптама нәтижесі бойынша іс тоқтатылыпты.

Қымбатбек Қойлан, Шымкент қалалық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы: «14 шілдеде бізге сот -медициналық сараптама қорытындысы келді. Ешқандай жарақат алмағаны белгілі болды. Бұл ұрып -соғу белгілері мен іздері болмағанын білдіреді. Осыған байланысты Усманованың өтініші бойынша қылмыстық іс қозғауға негіз болған жоқ. Алайда, қызметтік тексеру тағайындалды. Тексеру кезінде Нұрлан есімді полиция қызметкері, полиция аға лейтенанты Нұрлан Аребаев болып шыққаны анықталды».

Погонды қызметкердің этикалық кодексті бұзғаны үшін полиция департаментінің аға лейтенанты қатаң сөгіс алды. Бірақ ұлымды соқты деген әйел бұл нәтижеге риза емес. Оның айтуынша, қазір балалары ата -анасыз аулаға шығуға қорқып қалған.

Олжас Айдарбеков