Құрылыс компаниялары отандық құрылыс материалдарын қолдануға міндеттеледі. Бұл саладағы қазақстандық өнім үлесін арттыру үшін жасаламақ.
Сонымен қатар, сараптамадан өткеннен кейін компанияларды жобаның жиынтық ведомостін epsd.kz порталында жариялауға міндеттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді. Бұл бюджет және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен салынатын нысандарға ғана қатысты. Айта кетейік, қазір мемлекеттік тапсырыс бойынша 100-ге жуық тұрғын және әлеуметтік ғимарат салынып жатыр. Сонымен қатар, құрылыс кезінде сәйкестік сертификатын қолдану, сметаларда және орындалған жұмыс актілерінде құрылыс материалдары шығарылған елді көрсету міндеттеледі.
Шынар Оразова