Сарапшылар: Елде бензин тағы қымбаттауы мүмкін

50

Елімізде бензин қымбаттауы мүмкін. Бір жылда оның құны 14,8 пайызға өскен. Шілдеде республика бойынша АИ-92 маркалы бір литр бензин орта есеппен 173 теңгеден сатылған.

Маусыммен салыстырғанда 0,9 пайызға жоғары. Өсім алдағы уақытта да жалғасуы мүмкін. Сарапшылар осындай болжам жасады. Айтуларынша, қазір Павлодардағы мұнай өңдеу зауытында АИ-92 нің көтерме бағасы 6-7 теңгеге қымбаттады. Бір екі апта ішінде бұл жанармай құю бекеттеріндегі бағаға әсер етеді.

Сондай-ақ, көрші Ресейде де жанармай жыл басынан бері 6%-ке қымбаттады. Мұнда АИ-92 маркасы төл ақшамызға шаққанда 270-290 теңге аралығында. Біздің елмен салыстырғанда жүз теңгедей айырмашылық бар. Бұл шекаралас аймақта жанармайдың Қазақстаннан Ресейге заңсыз тасымалданып, елде бензин тапшылығын тудыруы мүмкін дейді.

Шынар Оразова