Ішкі істер министрлігі кәсіпқой боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға қатысты ресейлік полиция органдарымен байланыста. Бұл туралы бүгін Сенатта Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов мәлімдеді.
Оның айтуынша, Екатерина Биволға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бүгінде оған халықаралық іздеу жарияланған және оны қамауға алу туралы сырттай шешім қабылданған. Сондықтан Бивол ұсталған жағдайда, Бас прокуратура арқылы экстрадиция мәселесі қаралады.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда Екатерина Бивол қырғыз және қазақ халықтарына қатысты балағат сөздер айтқан еді. Соған байланысты Қырғызстан соты ұлтаралық араздық тудырды деген күдікпен қамауға алу жөнінде ордер берген болатын. Кейінірек Қазақстанның құқық қорғау органдары да оған іздеу жариялады.
Санжар Әділов, Ішкі істер вице-министрі: «Арнайы арналар арқылы Ресей федерациясының полиция қызметкерлерімен байланыстамыз. Ары қарай, егер Биволдың әйелі ұсталатын болса, біз Бас прокуратура органдары арқылы ақпарат алып немесе экстрадиция мәселелерін шешілетін болады».
Ербол Тұрымбет






