Түркістанға Парламенті Сенатының депутаттары келді. Әли Бектаев және Әлімжан Құртаев облыстың барлық аудан әкімдері мен маслихат депуттарының қатысуымен онлайн кездесу өткізді.
Кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев қатысты. Жиын барысында депутаттар Парламент Сенатында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, қаралған заң жобаларына тоқталып өтті.
Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: «Жалпы енді биыл кішкене сәл ауырлау жыл болатын түрі бар. Тек қана жем, шөп емес, астық мәселесі де өте ауырлау. Сондықтан жергілікті атқарушы органдары, мына жерде аудан басшылары қатысып отыр. Астық, ұн мәселесіне, нан мәселесінің бағасына. Астықпен қамтамасыз ету сіздердің дайындайтын резервтік қорларыңызға биыл қаттырақ көңіл бөлуге тура келеді. Сол жағын ескерсеңіздер»
Өз кезегінде, жиынға қатысушылар көкейтесті мәселелер бойынша бірнеше өзекті сұрақтар қойып, шешу жолдары талқыланды. Атап айтқанда, әлеуметтік, экономикалық, кәсіпкерлік бағыттары көтерілді. Суармалы жер көлемін арттыру, ағын су тапшылығын шешу, тұқым шаруашылығын дамыту секілді маңызды мәселелер төңірегінде жан-жақты пікірлер ортаға салынды.
Әлімжан Құртаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: «Бұл мәселемен қазір мына су ресурстары комитеті айналысып жатыр. Осы тамыздың 15-інде болу керек ғылыми техникалық кеңеске шығарып, сонда тағы бір талқылаймыз деген болатын. Бұл мәселені мен білемін қыркүйек айында жұмысқа барғаннан кейін тағы да айналысатын боламын».
Олжас Айдарбек