Шымкент: Аппарат басшысы құрылыс нысандарының жұмысын тексерді

181

«Шымсити» және «Тұран» шағынаудандарындағы құрылыс жұмыстарының қарқыны тексерілді. Қала әкімдігі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов алдымен «Шымсити» шағынауданындағы көпқабатты үйлердің модульды жылу қазандығының жүйесі толық автоматтандырылған, арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы басқарылатын болады.

Нысан  басында қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жылыту маусымына дайындықты ұйымдастыру жөнінде берген  тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Ал «Тұран» шағынауданында қала әкімінің аппарат басшысы құрылыс штабында өткен кездесуде баспана салу барысында өндірістік кестенің сақталуы, ішкі орамдық жолдардың сапасы, жарықтандыру мәселесі пысықталды.

Сонымен қатар су жүйелерін жүргізу, аяқжолдар салу және абаттандыру мәселесі бойынша қала басшысының берген тапсырмаларының іске асырылуы айтылды.

Аталған мәселелер бойынша тапсырыс беруші қалалық басқармалар қойып отырған талаптар мен мердігер ұйымдардың орындаушылық тәртібі талқыланды.

Жиын қорытындысымен қала әкімінің аппарат басшысы ішкі орамдық су жүйелері мен абаттандыру мәселелері бойынша жұмысшылар атқарып жатқан істерді зерделеді.

 Әлихан Файзханов