Шымкентте бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

92

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Енді «Ашық» жобасына қатысатын барлық кәсіпкерлік субьектілеріне демалыс күндері түн ортасына дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Ал «Ашық» көшбасшылары жұмысшылардың жасыл мәртебесін ескере отырып келушілерді түнгі сағат екіге дейін қабылдай алады. Сонымен қатар, кафелер мен мейрамханалардың 50 пайыздық толымдылықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік бар.

Ал, асханаларға тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат етілді. Ашық және жабық базарларда да енді әдеттегідей жұмыс күндері мен демалыс күндері қызмет көрсете алады. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер сенбі күні де жолаушылар тасымалдай алады.

Мөлдір Ибадуллаева