Шымкентте DiDi таксиге тапсырыс берудің халықаралық сервисі өз жұмысын бастады

126

 

Бүгіннен бастап Шымкент қаласының тұрғындары DiDi қосымшасы арқылы таксиге тапсырыс бере алады.

17 елдің миллиондаған пайдаланушылары мен көлік жүргізушілерін біріктіретін, сапарларға тапсырыс беру бойынша әлемдегі ең ірі технологиялық сервистердің бірі DiDi қазақстандық үшінші қалада, Шымкентте өз жұмысын бастады. Бүгіннен бастап Шымкент қаласының тұрғындары DiDi қосымшасын App Store мен Google Play арқылы жүктеп, таксиге тапсырыс бере алады.

«Біз Қазақстанда белсенді түрде дамығымыз келеді, сондай-ақ DiDi инновациялық технологиялары мен таксопарктермен және көлік жүргізушілермен сапалы серіктестік қарым-қатынастарды құру біздің Шымкенттегі қосымшамыздың табысты жұмыс істеуіне кепіл болатынына сенімдіміз. Біз Қазақстан тұрғындарын DiDi-мен қолжетімді және қауіпсіз сапар жасауды қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», — дейді DiDi-дің Ресейдегі, Шығыс Еуропадаға және Орталық Азиядағы басшысы Джейден Чжу.

DiDi үшін ең бастысы – жолаушылар мен көлік жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол үшін қосымшада бірқатар функциялар қарастырылған: телефон нөмірлерінің құпиялылығын сақтау, жедел байланыс үшін сенімді тұлғалардың контактілерін қосу мүмкіндігі, достарыңызбен және отбасыңызбен сапар бағытын бөлісу мүмкіндігі, олар нақты уақыт режимінде қозғалысты бақылай алады, сондай-ақ жүйеде таңдалған көлік жүргізушіні / жолаушыны алып тастау мүмкіндігі. Сонымен бірге қосымшада жолаушылар мен көлік жүргізушілерге арналған SOS түймесі бар, ол төтенше жағдайларда құқық қорғау органдарымен байланысып, DiDi қауіпсіздік командасына сапар туралы мәлімет беруге және ағымдағы тұрған орнын көрсетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа Қазақстанда DiDi-мен жол жүру кезде жолаушылар мен көлік жүргізушілердің өмірі мен денсаулығы 4 млн теңгеге дейінгі сомаға қосымша сақтандырылған.

Танымал қазақстандық әнші Назима Жәнібекова (НAZИМА) Шымкентте DiDi-дің алғашқы жолаушысы болды. «Шымкентте DiDi-дің жұмыс істей бастауы — менің туған қалам үшін өте маңызды оқиға. Мен үшін DiDiбірінші кезекте сенімді қызмет, оны көлік жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін қосымшаның көптеген функциялары, сондай-ақ көлік жүргізушілерді іріктеудің қатаң шарттары дәлелдейді. Мен Шымкент тұрғындарының өз сапарлары үшін осындай сервисті пайдалану мүмкіндігінің пайда болғанына өте қуаныштымын», — деді Назима.

DiDi-дің негізгі қағидаты жолаушылар үшін қолжетімді сапарлар және көлік жүргізушілер үшін лайықты табысболып табылады. Бүгінгі таңда Шымкентте тіркелген көлік жүргізушілердің саны бастапқы қойылған мақсаттан асып түсті. DiDi-ге қосылу арқылы көлік жүргізушілер мен таксопарктер жоғары бонустар мен ең төменгікомиссиялар есебінен табыс табудың тартымды мүмкіндіктерін алады, тәулік бойы қауіпсіздік орталығының қолдауын қолдана алады, сондай-ақ DiDi-мен әзірленген және пайдаланатын инновациялық интеллектуалды диспетчерлеу жүйесі мен ақылды көлік жүйесінің көмегімен тапсырыстарды тиімді орындай алады.

DiDi Қазақстаннан басқа Қытай, Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, ОАР, Бразилия, Мексика, Чили, Колумбия, Перу, Коста-Рика, Панама, Ресей, Доминикан Республикасы, Аргентина және Эквадорды қоса алғанда, 16 елде жұмыс істейді. DiDi-де 17 сервис бар, оның ішінде таксиге тапсырыс беру, автомобильдер мен велосипедтерді жалға беру, автобуспен тасымалдауды ұйымдастыру, каршеринг, тамақ жеткізу және т.б.

Жолаушыларға арналған DiDi Express қосымшасын App Store және Google Play-ден жүктеп алуға болады. Көлік жүргізушілер мен серіктестер DiDi-ге Google Play мен веб-сайтта қолжетімді қосымша арқылы тіркеле алады(таксопарктер мен көлік жүргізуші-серіктестер үшін).