Шымкентте «Tulpar Motors» автосалоны ашылды

234

Шымкентте «Tulpar Motors» автосалонының ашылу салтанаты өтті. Сауда орнынан Қазақстанда құрастырылған Jac Motors автомобильдерін сатып алуға болады. Бұл тек бастамасы! Кез келген келуші үшін ондағы тәжірибелі сатушы-кеңесшілер ақшаны тиімді жұмсау арқылы дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.

Таныс болыңыздар! Бұл жаңа JAC J7  темір тұлпары. Беделді көлік сарапшыларының берген бағасы бойынша ең әдемі JAC-ты Шымкенттегі «Tulpar Motors» салонынан сатып алуға болады. Бұл модельдің кереметтілігі сыртқы келбеті ғана емес, техникалық спецификациясы, жиынтығы, параметрлері мен қауіпсіздік жүйесі алдыңғы көліктерден ерекшеленеді.

Хуршидбек Раимов, сату бөлімінің басшысы: «Бұл автомобиль толық лифтбек-джак джей 7, Д категориясындағы автомобиль алайда бағасы Б,Б+ категориясымен сатылады. 8 млн. 140 мың теңге. Онда турбоқозғалтқышы, бір жарым литрлік, 136 аттың күші бар. Вариатормен бірге жұмыс істейді».

“Бұл көлікте үлкен монитор орнатылған, монитордан барлық жүйе осында реттеледі Климат-бақылау, радио, автомобильді баптау, жүйені орнықтыру, блютуз -барлығы ЖК экран арқылы реттеледі. Ол айқын жұмыс істейді және тұрып қалмайды».

JAC J7  көлігінің бақытты иеленушісі Аяжан Нұржан. Бойжеткен арманындағы тұлпарды алу үшін үш жыл ақша жинапты. Су жаңа көлікке ие болған 22 жастағы бойжеткен Tulpar Motors-ты таңдаудың өз себебі болды дейді.
Аяжан Нұржан,  қала тұрғыны: «Мені «TULPAR MOTORS» автосалонын  таңдағаныма үш себеп бар. Біріншісі- JAC барлық көліктері  Қазақстанда құрастырылған, отандық, екіншіден-сауатты қызметкерлер, барлығын түсіндіріп, көрсетіп береді. Үшіншіден көлік керемет әдемі, маған ұнады. Мен баршаларыңызды осы автосалода көлік таңдауға шақырамын».

«Tulpar Motors» автосалонында көлікті несиеге рәсімдеуге де болады. Ол үшін санаулы күн кетеді. Ал егер қаржыңыз жетпеген тұста Trade-in қызметіне жүгінуге болады. Бұл бағдарлама бойынша жаңа көлікті сатып алғанда ескі немесе қолданыста болған тұлпардың құны ескеріледі.

«TULPAR MOTORS» автосалоны Шымкент қаласы, Гагарин көшесі, №168 мекенжайда орналасқан.